Body: 


2020 жылғы 4 ақпанда Нұр –Сұлтан қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде "Өзін-өзі тану: Махаббат педагогикасы мен шығармашылық" онкүндігі аясындағы «Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбы бойынша 1-2 курс студенттері арасында дарындылық қабілеттерін дамыту мақсатында Отан, достық, отбасы, ана тақырыптарында
шығармашылық сурет көрмесі өткізілді. Студенттердің көрмеге ұсынған суреттері мен жылы лебіздері ерекше бір сүйіспеншілікпен дайындағандары байқалынды. Әсіресе үздік жұмыстары үшін І-орынды 1ЭН-119тобы, ІІ-орынды 1 Л -119, ІІІ-орынды 1ЭМ-319 тобы, белсенділік танытқандары үшін 2ЭТС-218 топ студенттері жеңіп алды.