05 февраля 2020
2020 жылғы 4 ақпан күні колледждің мәжіліс залында 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша), 1106000 «Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша)» және 1108000 «Темір жолының жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандықтарының студенттері арасында технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өткізілді.
Конференцияға колледжіміздің әлеуметтік серіктестері «Energy service RTD» ЖШС директоры Телев А. Б.; «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы «Астана локомотив жөндеу депосы» ТО-8 цехтың аға шебері Турсунов С.С.; Астана пайдалану локомотив депосы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы «ГП Ақмола бөлімшесі» 3 класс машинисты Жакуда М.Е. шақырылды, сонымен қатар осы мамандықтарының 1,2,3 және 4 курс студенттері қатысты. Өндірістік технологиялық тәжірибе оқу процессінің негізгі бөлімі. Студенттер жасалған келісім шарт негізінде кәсіпорындарға жіберілді.
Алғы сөзді директордың өндірістік оқу тәжірибесі жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзинұлы бастады. Технологиялық тәжірибенің мақсаты теорияда алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру екенін айтты. Түлектерді технологиялық тәжірибені жақсы өтулерімен құттықтап, алдағы уақытта тәжірибелік дағдыларын жоғарғы деңгейлерде көрсете берулерін тіледі. Energy service RTD» ЖШС директоры Телев Арман Болатович өз сөзінде колледж студенттерінің теориялық, тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екендігін екендігін атап өтті.
Астана пайдалану локомотив депосы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы «ГП Ақмола бөлімшесі» 3 класс машинисты Жакуда М.Е. біздің колледждің түлегі екенін айтып, технологиялық тәжірибенің маңыздылығын айтады. 4 курс студенттері Макажан А. (4ЭН-216 тобы); Мурзабеков Т., Стеценко А. (4ЭН-116 тобы), Анарбаев Н. (4ППС-216), Райков И. (4ЭТХ-116 тобы) презентация даярлап, алған дағды, тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға қатысқан қонақтар, оқытушылар және студенттер технологиялық тәжірибе есебін қызығушылықпен тыңдады.
Есентаева Ж.Б., Касымова С.Ж.