Body: 

2020 жылғы 6 ақпанда «Жоғары көлік және коммуникация колледжінде» Нұр-Сұлтан қаласы № 61 орта мектебінің 9 "Г" және № 30 мектеп-гимназиясының 9 «А», «Б», «В», «Г» сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқытушылар колледждің мамандықтары, қабылдау ережелері мен оқыту тәжірибесі, әлеуметтік серіктестері туралы айтты. Колледжің материалдық-техникалық базасы көрсетілді.
Оқушылар "Радиоэлектроника және байланыс", "Энергоменеджмент", "Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандықтар бойынша заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханалар және т. б. спорттық және жаттығу залдары, шеберханалармен танысты.
Мұражайда колледждің 75 жылдық тарихы, жетістіктері мен түлектері туралы айтылды.
Мектеп оқушылары колледж туралы, оның мамандықтары, телекоммуникация және темір жол көлігі, энергетика және байланыс саласы бойынша қызықты ақпараттарды тыңдады.
Оқушылар экскурсиядан кейін колледждің 75 жылдығына арналған «Мамандық-өмір таңдауы» атты іс шараға қатысып, керемет әсермен қайтты.
Болашақ талапкерлерге біздің колледждің есіктері әрқашан ашық!



М. А. Ибраева