Body: 

2020 жылдың 4 ақпанында «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы «Экспресс» филиалының Нұр-Сұлтан телімі бойынша Сервистік қызмет көрсету бөлімі бастығының орынбасары Айдарбекова Керемет Шарипбайқызы және аға нұсқаушысы Мади Женисбеков колледжге келді. Олар «Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық күту», «Жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру», «Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» және «Темір жол құрылысы жол және жол шаруашылығы» мамандықтарының бітіруші түлектерімен кездесті.
К. Ш. Айдарбекова: «Болашақ жастар үшін бар мүмкіндік пен жағдайлар қарастырылған, әрі аянбай еңбек ету, білімді де білікті маман иелері болу өз қолдарыңда»- дей отырып, жоғарыда аталған филиалда 50 бос жұмыс орнының бар екенін тілге тиек етті. Бітіруші түлектерімізді жол серік ретінде жұмысқа қабылдауға дайын екендерін жеткізді. Болашақ мамандарға жұмыс беруші тарапынан қойылатын талаптармен және қызметтік нұсқаулықтармен таныстырды.
Түлектеріміз М. Женисбеков пен К. Ш. Айдарбековаға сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Кездесуге келген қонақтар колледж студенттерінің бәсекеге қабілетті, темір жол саласында қызмет істейтініне, Қазақстанның экономикасының көтерілуіне өз үлестерін қосуға дайын болатынына сенім білдірді. Бұл сөз біздің түлектерімізге жұмысқа орналасуларына үлкен мотивация берді.


Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамту бойынша бөлімнің меңгерушісі М. А. Ибраева