11 февраля 2020
2020 жылдың 11 ақпаны күні колледжде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «БП Елге еткен қайырымдылық патриоттықтың көрінісі деп есептейді» тақырыбында студенттер арасында дебат ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты аталмыш онкүндік барысында студенттердің жан жақты ойлауын дамытып, пікірсайыс арқылы өзіндік қарым қаблетін көрсете білуді дәріптеу болды. Сондай ақ осы пікірталаста студенттер биылғы «Еріктілер жылының» мақсат міндетімен толық танысып, халыққа тигізер мол пайдасы жайлы сөз қозғалды.
Пікірсайыстың алғы сөзін сөйлеген колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Рахымова М.Т. көрермендерді өзін-өзі тану пәнінің он күндігімен таныстырып, ойын көрсететін қос фракцияға сәттілік тіледі.
Ойын британдық парламенттік форматта өтіп, «JN» және «Болашақ депутаттар» фракциялары өз ара тартысқа түсті. Жаңа идеялармен, тұшымды сөздерге толы болған ойында қос тарапта мықты аргументтер ұсына білді. Әсіресе бір-біріне қойған сұрақтары қарсыластарының қарымын қайтарып, өз сөздеріне қарсы шығуларына мәжбір етті. Қызыққа толы болған ойында қалалық деңгейде ойнап жүрген тәжірибелі «JN» фракциясы жеңіске жетті. Көрермендер қос фракцияның спикерлеріне ыстық ықыласы мен құрметін көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.