Body: 

2020 жылға 12 ақпанда ҚР Ұлттық ұланының әскери институтының подполковнигі А.Б. Сабыров және 4-курс курсанты М.Д.Оразов және ҚР Шекара қызметінің ҰҚК-нан Д.А.Терентьев колледж түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - колледжді бітіргеннен кейін түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету және әскери бағыттардағы ЖОО-да білім алуға шақырды. Оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі туралы айтылып, сол қызметтің мақсаты мен талаптары талқыланды. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Түлектер өздерін қызықтыратын мәселелер бойында сұрақтар бере отырып, қанағаттанарлық жауаптар алды. ҚР Ұлттық ұланының әскери институты және ҚР Шекара қызметінің ҰҚК өкілдері кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. А. Ибраева