Body: 

2020 жылғы 20 ақпанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік серіктестерінің бірі- «ҚТЖ»ҰК»АҚ Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы – Бурабай курорты кеңейтілген қашықтық жолы бөлімі басшысының орынбасары О.А. Ахметов бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесу «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» және «Көлік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану, «Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану» және «Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру» мамандықтарының бітіруші түлектеріне арнайы ұйымдастырылды. Кездесу барысында ҚТЖ" ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалы, оның ішінде: Көкшетау, Бурабай Курорты, Атбасар станцияларындағы тасымалдарды басқару, локомотив және вагон шаруашылығы; жол және құрылыстар; жүріс қауіпсіздігі және экология; сигналдау мен байланыс және т.б. жұмыстары, ондағы бос 30 жұмыс орындары туралы айтып өтті
Студенттерге осы колледждің түлектерінің де жұмыс атқаратыны туралы айта отырып, біздің түлектеріміздің де жұмысқа орналасуларына үлкен мүмкіндіктері бар екенін айтты. Кездесудің соңында студенттер сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап ала білді және әлеуметтік серіктестің өкілдері осы кездесудің ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. А. Ибраева