Body: 



Добавил(а) Администратор 27 февраля 2020 г.



«Міне ол, көптен күткен диплом!!»

Диплом тапсыру – бұрынғы студент, ал қазіргі – түлектің өміріндегі ең маңызды сәттің біреуі. Бұл барлығының бүкіл оқу жылдары бойы күткен ең ашық және салтанатты сәт.

2020 жылдың 26 ақпанында 1107000 "Көтергіш – көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын темір жол көлігінде техникалық пайдалану" және 1410000 - "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" .мамандықтары бойынша бітіруші түлектерге диплпмды салтанатты түрде тапсыру рәсімі болды.

Салтанатты іс шарада әлеуметтік серіктес Айтмукашев Мейржан Маулитұлы құттықтау сөзінде бітірушілерге ақ жол тілей отыра, оларды білімдерін ары қарай жоғары оқу орындарында жетілдіруге тілек білдірді. Ол өз сөзінде автомобиль жолына өз Отанын сүйетін, оның тарихын, мәдениетін білетін, мақтан тұтатын және оның дамуына өз үлестерін қосатын мамандар әрқашанда керек екендігін баса айтты. «Біздің колледж түлектері тура осындай екеніне мен сенімдімін! Мен сіздер үшін өте қуаныштымын жәнеде колледж бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деп қорытындылады өз сөзін Мейржан Маулитұлы.

«Ақ жол! Жоғары көлік және коммуникация колледжінің түлектері деген атағын барлықтарыңыз абыроймен алып жүрулеріңізге тілектеспін» - деп аяқтады колледж бітірушісі Демегенов Ғасырбек.

Қонақтардың ішінде тек қана оқытушылар ғана емес түлектердің мамалары, папалары, сүйіктілері және жолдастары да болды. Колледж жетекшілерінің қоштасу тілектері, музыкалық құттықтаулар, мереке қонақтарының күлкісі және бітірушілердің қуаныштан жайнаған жүздері – осының барлығы нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады!


Бөлім меңгерушісі Е.Б.Тарасова