Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 28 февраля 2020



«Колледждің қалыптасу тарихы» тақырыбында дөңгелек стол!»


2020 жылдың 26 ақпанында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында колледждің 75 жылдық мерей тойына орай «Колледждің қалыптасу тарихы» тақырыбында 1Л – 119 тобымен дөңгелек стол өткізілді.

Бұл іс - шараның мақсаты колледждің құрылғаннан бастап 75 жыл аралығында жеткен жетістіктері жайында әңгіме жүргізу.

Кітапхана меңгерушісі Жүнісова Г.Б. «Колледждің қалыптасу тарихы» тақырыбында бейнеролик көрсетті.

Етекбаева Меруерт, Кельбатырова Сабина, Қызылбекова Дильназ, Дауылбаев, Абзал Нұрдаулет, Бостан Нәркес сынды студенттер іс - шараға белсенді қатысып, әр жылдары педагогикалық ұжымды басқарған директорлардың қызметі туралы әңгімелеп берді.

Колледж құрылған күннен бастап басқарған директорлар колледждің қалыптасуына және дамуына баға жетпес еңбек етіп із қалдырды.


Кітапханашы: М.Омарова.