Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 29 февраля 2020



«Әлеуметтік серіктестермен кездесу»



Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 2020 жылдың 28 ақпанында колледждің «Радиоэлектротехника және байланыс» мамандығы бойынша 2015 жылғы түлегі Тулепов Болатхан мен 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану», 1311000 «Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану», 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық күту», 1203000 «Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттері арасында кездесу ұйымдастырылды. Кеш қонағы «Қазақстан темір жолы» АҚ «ҰК» менеджер болып жұмыс істейді және аталған кәсіпорын колледжіміздегі әлеуметтік серіктестердің бірі болып табылады. Кездесу барысында Болатхан өзінің ұжымдас достарымен, жұмыс бабындағы жаңалықтарымен, Қазақстан темір жолындағы бос жұмыс орындарымен таныстырды және жастар үшін үлкен мүмкіншіліктердің бар екенін айта кетті.

Болатхан колледж түлектеріне колледжде болған қызықты сәттермен, мамандық таңдау мәнісімен, сүйікті оқытушылары туралы, жұмыс орны және атқаратын міндеттері туралы және колледжді бітіргеннен кейін орын алған кедергілер туралы ой бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, Болатханның колледж қабырғасындағы өміріне қызығушылық танытты. Кездесу соңында келген менеджерлеріміз бітіруші түлектермен қызықты тренинг жүргізді және студенттерге сауалнамалар таратып, оны толтыруға көмектесті.

Кездесудің соңында колледж түлегі білімге жарқын жол салған әрбір оқытушыға үлкен еңбегі үшін, туған колледжіне деген адалдық мен сүйіспеншілігі үшін және осындай кешті ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, барлық студенттерге амандық, денсаулық және оптимизм тіледі. Сыртта қыстың соңғы күндерінің ызғары болғанымен, кездесу студенттер мен оқытушыларға жылулығы мен сүйіспеншілігін сыйлады. Бәрі жақсы өтті, ең бастысы - жылы, достық нотада. Соңында әдеттегідей барлығы естелік суретке түсті


Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. А. Ибраева