Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 07 марта 2020 г.



«Жатақхана аруы- 2020»


2020 жылдың 05 наурызында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің №1 студенттер үйінде, 8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында дәстүрлі «Жатақхана аруы – 2020» атты сұлулық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – талантты жастарды қолдай отырып, сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу, жастарды жатақхананың мәдени өміріне белсене араласуға тарту.

«Жатақхана аруы – 2020» атағын иелену үшін ең талантты, ақылына көркі сай І курс студенттері арасынан 5 қыз сынға түсті.
Байқау 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру; Өз өнерін көрсету; Интеллектуалды сайыс; Ас мәзірі; Сән үлгісі.

"Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз алдына сұлу да өнерлі болды.
«Сәлемдесу» атты бірінші кезеңде байқауға қатысушылар өздері, қызығушылықтары туралы қысқаша баяндады. «Өз өнерін көрсету» атты екінші кезеңде бойжеткендер бірі мың бұрала би биледі, кейбірі шарықтата ән салды, енді бірі коктейль жасаудан, тоқыма тоқудан шеберліктерін көрсетті. Интеллектуалды сайыста ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтарымен көзге түсті. Аруларымыз «Ас мәзірі» сайысында да әділ-қазылар алқасының көңілінен шығуға тырысты.

Әсіресе қатысушылардың түрлі материалдардан жасалған сәнді киім үлгілерін көрсету кезеңі әсерлі болды. Өз қиялдарына сай жасаған кешкі сәнді киім үлгілерін көрсету арқылы сұлулар өздерінің тұлғалық нәзік те сұлу, талғампаз екендіктерін паш етті.

Әділқазылар ақылдаса келе мынадай шешім жариялады:
«Өнерлі ару» - Кельбатырова Сабина;
«Көрікті ару» - Зияділдақызы Айша;
«Білімді ару» - Магарманова Ақнұр;
«Инабатты ару» - Мухаметкали Ундина;

Сайыстың бас жүлдесі, «Жатақхана аруы – 2020» атағына Асемхан Әдемі лайықты деп танылды. Арулар арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Байқау өте қызықты да тартысты және жоғары дәрежеде өтті.







А.Туралиева.