Добавил(а) Администратор 21 марта 2020 г.
Ардақты ағайын, қадірменді қауым, құрметті ұстаздар мен студенттер!!!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз айы - бұл ежелден, шығыс халықтарының дәстүрі бойынша, жаңа жылдың бастауы, күн мен түннің теңесіп, табиғаттың ояныуы. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл - ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.
Ұлыстың осы бір ұлы күнінде, жер бетіндегі дау-жанжалдар тоқтап, адамдар, бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табысқан.
Халқымыз, мол дастарқан жайып, жарқын көңілмен жүздесіп, өткенге салауат айтып, барға қанағат тұтқан. Ұлыс күні, барша адамзатқа, жақсылық пен амандық тілеген. Жастарға ақ батасын берген. Біз де, осы ізгі дәстүрді жалғастырып, алдыңғы буын ағалар мен апаларымызды, әріптестеріміз бен жастарымызды бүгінгі, Наурыз мерекесімен, шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстанда, жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері, бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүруде. Ұлыстың ұлы күнінде, бірлік пен ынтымағымыз мызғымасын деп тілейік.
Құрметті достар, осы қиын-қыстау кезеңнен біз аман-есен өту үшін ел болып бірігіп, ең бастысы әрқайсысымыз саналылық, жауапкершілік және кемелділік танытайық.
Баршаңыздың отбасыларыңызға ашық аспан, бақыт пен береке, ынтымақ пен ырыс, игілік пен бірлік, сонымен қатар, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін!!!
БІЗ БІРГЕМІЗ!!!
Ізгі тілекпен,
колледж директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Зулфухар Сұлтанұлы