Body: 
Отступ первой строки

Добавил(а) Администратор 28 апрель 2020 г.


Ербол Шәріповпен онлайн кездесу!

28 сәуір күні елімізде орын алған індетке байланысты ZOOM бағдарламасы арқылы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұстаздары мен өнерге жақын талантты студенттерінің қатысуымен Қазақ эстрадасында өз орны бар Қазақстанға танымал «Азия» тобының белді әншісі Ербол Шариповпен жұлдызды кездесу ұйымдастырды

Сұхбатымызды Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры, Зулфухар Сұлтанұлы ашып беріп, өнер азаматына шығармашылық табыс тілеп, әлі де биік шыңдардан көрінуіне және осынау қиын сәтте колледж ұжымымен жүздесуге уақыт бөлген Ербол Шәріповке өз алғысын білдірді.

Жұлдызды кездесуде 40-қа жуық ұстаз, студенттер қатысты. Өнер азаматына ұстаздар мен студенттер сұрақтар қойып, ән шашуын тыңдады

Кездесу соңында өнер азаматы осындай кездесуді ұйымдастырған колледж басшылығына алғысын білдіріп, рахметін айтып, биылғы колледждің 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Көркем жетекші Н.Сейтмұратов