Добавил(а) Администратор 1 мая 2020 г.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы!
Құрметті астаналықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1 мамыр – тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Бұл - елімізді мекендеген, татулығы мен бірлігі жарасқан барлық ұлт пен ұлыстың ортақ мейрамы. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында– ынтымағы тұрмысына ырыс, та¬тулығы бірлігіне тыныс, бір¬тұтас елде бейбіт өмір сүрудеміз. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің бейбіт саясатымен танылған мемлекет. Абылай заманынан бері біздің ішкі –сыртқы саясаттағы ұстанымымыз - бейбітшілік пен бірлік болған және жалғаса береді. Ендеше, құрметті астаналықтар, баршаңызды осынау 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, береке мен бірлік тілеймін. Мына әлемді кесел жайлаған қиын-қыстау заманда ынтымағымыз ыдырамасын, бірілігіміз бекем болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш заман болсын!