Body: 
Отступ первой строки

Добавил(а) Администратор 07 мая 2020 г.


Жеңіске жетелеген әуендер!!!


Нұр-Сұлтан қаласы, Білім басқармасы, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастырыумен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында 20 cәуір мен 7 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен «Жеңіске жетелеген әуендер» атты соғыс жылдарындағы және соғыс туралы әндерді қашықтықтан орындаушылардың байқауын өткізді.

Байқауға қаламыздағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарынан 20 өнерпаз қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауда соғыс жылдарындағы әндермен қатар соғыстан кейінгі қазақ композиторларының әндері орындалды.

Байқауға қатысушылар әндерін WhatsApp желісі арқылы жіберіп, мамандар бейнежазбаларды тыңдап, байқау қортытындысын шығарды. Байқауда колледждің көркемдік жетекшісі, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Нұрболат Сейтмұратов, «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Гүлназ Аяпова, колледж жастар комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы төрелік етті.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орын «Қазақ технология және бизнес университеті АҚ колледжінің» студенті Белинская Арина мен «Томирис» медициналық колледж студенті Қуандықова Сымбат ие болды.

ІІ орынмен «Даналық» колледжінің студенті Ниязов Әскер мен «Қазақ технология және бизнес университеті АҚ колледжінің» студенті Смагулова Сабринаға тиесілі болды. Байқаудың І орыны «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» студенті Әдемі Әсемханға бұйырды.

Байқау жеңімпаздарымен мен жетекшілеріне диплом, алғыс хаттар беріліп, қатысқан өнерпаздарға сертификаттар WhatsApp желісі және электронды түрде жіберілді. Сайыскерлерімізге және олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз!

Көркемдік жетекші Н.Сейтмұратов