Body: 
Отступ первой строки

Добавил(а) Администратор 09 мая 2020 г.


Жеңістің жетпіс бесінші көктемі!!

2020 жылдың 6 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихат депутаты, колледж директоры Зұлфухар Гаипов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Ата-әжелер өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, қазақ халқының мерейлі күндері көбеюін тілеп, баталарын берді.

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай көркемдік жетекші Нұрболат Сейтмұратов Жоғары көлік және коммуникация колледжінде мерекелік онлайн концерт ұйымдастырды. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің мерекесі. Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да ардагерлеріміздің жемісі һәм жеңісі.

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі», - демекші сұм соғыс тарихы алыстағанымен, майдан даласында батырлардың көрсеткен ерліктері мен қаһармандығы ешқашан ұмыт қалмақ емес! Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Осы атаулы мерекеде құрметті ардагерлерімізге колледж ұстаздары Нұрболат Сейтмуратов Д.Тухмановтың «День Победы», Лира Нығметова Е.Петерсбурскийдің «Синий платочек», Жазира Боранбаева Ж.Сейіловтің «Ана туралы баллада», студенттер Жансая Баеке «Батыр баба», Әдемі Әсемхан С.Бәйтерековтің «Әлия» әндерін тарту етті.

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.


Директордың ТІЖ орынбасары Г. Мырзагалиева