Body: 
Отступ первой строки

Добавил(а) Администратор 14 мая 2020 г.


ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН!

Ұлы даланың ұлық тұлғасы: Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енген болатын. Осыған орай мамыр айының 13 күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Ахметова А.Т. ұйымдастыруымен һәм директордың тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Мырзагалиеваның қолдауымен «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қашықтықтан жобалар сайысы өткізілді.

ВСайыста 5 түрлі тақырыптар қарастырылды, олар: 1. «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі заманғы Шығыс» 2. «Көп айтылып, аз зерттелген тақырып» 3. «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениет-аралық зерттеулердің трансформациясы» 4. «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы- Әбу Насыр әл-Фараби» 5. «Бұл күйлерді тартқан – қыпшақ Әл-Фараби».

Фараби бабамыздың ғылыми-шығармашылық мұрасына жұртшылықтың назарын аудару һәм теңіздей телегей еңбектерін зерттеу мақсатын көздеген жобалар сайысы барысында ойшылдың трактаттары талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу, оның шығармаларын насихаттау сөз болды. Қалалық жобалар сайысына Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 10 студенті қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орын Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті Жарылхап Алмат ие болды. ІІ орынмен «ҚазГЗУ» Гуманитарлық заң колледжінің студенті Сейтмахан Марияға тиесілі болды. Байқаудың І орыны Техникалық колледжінің студенті Татыбекова Ақботаға бұйырды.

1, 2, 3 орындар алған қатысушылар дипломмен, жетекшілері алғыс хатпен марапатталды, ал қалған қатысушыларға сертификаттар WhatsApp желісі және электронды түрде жіберілді.


Кафедра меңгерушісі А. Ахметова