Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 25 мая 2020 г.



«Абай дана, Абай дара әлемде»


Нұр-Сұлтан қаласы, Білім басқармасы, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастырыумен биылғы жыл қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы, философы, ағартушысы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында ақынның әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында «Абай дана, Абай дара әлемде» атты ақын өлеңдерін қашықтықтан мәнерлеп оқудан қалалық байқау өткізді.

«Абай әлем таныған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтеру. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу ақынның шығармашылығын жастардың санасына сіңіру және рухани мәдениетімізді ілгерілету».

Байқауға қаламыздағы 23 оқу орнынан жүзден астам студент қатысты. Аталған байқаудың бас жүлдесін Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті Қаржаубай Елдосқа бұйырды. Байқаудың І орындары Еуразия гуманитарлық институтының колледжі студенті Маслий Виктория, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері Байқадамов Нұржан мен Құрманаева Әселге және «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Жарылқасын Сымбатқа тиесілі болды.

Жүлделі ІІ орынмен «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Аргынбаева Айнұр, Техникалық колледж студенті Асылбек Шоқан, Медициналық-техникалық колледж студенті Бекбаев Рафаэль, Гуманитарлық колледж студенті Кенжебек Елжан, «Қаржы академиясы» АҚ колледжі студенті Дюсекенова Меруерт марапатталды.

Байқаудың ІІІ орнымен 7 өнерпаз марапатталды. Олар: «Республикалық медициналық академиясы» ЖШС колледжі студенті Конченко Алина, Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжі студенті Мадиқызы Кандализа, Медициналық-техникалық колледж студенті Кудайбергенова Акниет, «Томирис» медициналық колледж студенті Зязикова Ириза, «Тұран - Профи» қалалық шаруашылық колледж студенті Бейсбай Ільяс, «Қаржы академиясы» АҚ колледжі студенті Абу Ақмарал, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі студенті Кеңес Сымбат ие болды.

Ұлы ақынның өлеңдерін қашықтықтан мәнелерлеп оқудан өткен байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жүзден жүйрік болып оза шапқан студенттер байқаудың ДИПЛОМЫМЕН марапатталып, қалған қатысушыларға АЛҒЫС ХАТТАР табыс етілді..




Директордың ТІЖ орынбасары Г.Мырзагалиева