Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 28 мая 2020 г.



Үшінші Ұлттық кеңес отырысы!

Осымен үшінші рет Ұлттық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы білім мен денсаулық саласына арналды. Қазақстан өзін алғашқы күндерден бастап әлеуметтік мемлекет деп жариялаған болатын және сол бағыттан еш айныған жоқ. Тәуелсіздігіміздің барлық кезеңінде адами капиталдың сапасын арттыру ешқашанда күн тәртібінен түскен емес. Елбасы, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2017 жылғы қаңтар айындағы Жолдауында да адами капиталды дамыту ол - заман талабы деген болатын. Ұлттық кеңесте көтеріліп отырған мәселе тағы да Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасының саясатын жалғастырушы тұлға екенін көрсетті.

Адами капиталдың басты өлшемі - ол білімде екені баяғыдан белгілі аксиома. Елімізде білім сапасын артыру саласында бірқатар ілгері істер атқарылуда. Өткен жылы баршамыз күткен «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Заңда ұстаздарға бірқатар әлеуметтік жағдайлар қарастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылғы педагогтардың тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы 3 жылда ұстаздардың жалақысы кезең кезеңмен көтерілетін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы дер кезінде шешіліп отыр. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлының педагогикалық мамандардың мәртебесін арттыру мақсатындағы жаңа «Халық алғысы» марапатын енгізу мәселесі уақтылы көтеріліп отыр. Қоғамда Ұстаздың мәртебесін көтеру арқылы ғана, біз білімге деген көзқарасты өзгерте аламыз. Тағы да Мемлекет басшысының педкадрларды даярлау үшін арнайы педагогикалық жоғарғы орындарын құру туралы идеясы өте орынды деп ойлаймыз. Өйткені жаһандық жағдайда ұлттық құндылықтарды жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтанда ұлттық педагогикалық мамандар ауадай қажет. Сонымен бірге, ЖОО-ын мәртебесіне қарай бағалау идеясы да өте орынды. Педагогикалық ЖОО бұрынғыдай ірі аймақтарда ашу керек. Баршамызға белгілі педкадрларға деген сұраныс ауылды жерлерде әлі де болса жоғары. Елдегі демографиялық үрдісті ескерсек, бұл мәселе өте өзекті. Сондай-ақ, педагогикалық оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру идеясы біздің көңілімізге қонымды. Баршамызға белгілі техникалық-кәсіптік саланың материалдық базасы 60 пайызға ескірген. Бұл жағдайды түземей сапалы білім беру үлкен күмән туғызады.Сондай-ақ, педагогикалық салада оқитын студенттердің стипендиясын 26 мыңнан 42 мыңға көтеру идеясы бұл болашақ мамандар үшін үлкен мотивация болар еді. Сонымен қатар, оқулықтардың сапасын арттыру да мемлекет басшысысының назарынан тыс қалмады. Өйткені сапасыз оқулықтар сапалы білім берудегі ең басты кедергі. Сондықтан да оқулық жазудағы жауапкершілікке ерекше мән берді. Сондай-ақ, ауыл мен қала арасындағы білім берудегі алшақтықтықты жою туралы тапсырмасы уақтылы айтылған деп білеміз. Еліміздің халықының басым бөлігі, әлі де болса сол ауылдарда. Оларға лайықты білім беру, оқуға түскен соң олардың социализациялануы бәрі –бәрі күрделі мәселе болып тұр. Сонымен қатар сапасыз білім беретін «контораларды» жабу керек деген идеясы да орынды. Бұл өз кезегінде жоғары білімнің девальвацияға ұшырауына алып келді. Саны бар да, сапасы жоқ. Жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік гранттардың құнын 340 мыңнан 3 есеге арттыру ол сапалы кадрлар даярлауға жол ашады деп ойлаймыз. Бұл жоғарғы білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын оқытушы-профессорлардың жалақысының артуына да себеп болар еді. Ол өз кезегінде ЖОО-нда жемқорлыққа үлкен тосқауыл қояды. Қорыта айтқанда адами капиталдың сапасын арттыру- ол заман талабы. Кезінде ұлы Мұхтар Әуезов айтқан екен «Елмен елдің артықшылығы-ол тек білім мен өнерде ғана» деп. Сондықтан да бұл айтылған ұсыныстар мен Президентіміздің тапсырмалары тек өміршең болғай деп тілейміз.



Зулфухар ҒАЙЫПОВ, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты.