Body: 
Отступ первой строки

Добавил(а) Администратор 04 июня 2020 г.


«Менің Отаным-Қазақстан» атты бейнероликтер байқауы

2020 жылғы 20 мамырдан бастап 3 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі», «Менеджмент және бизнес колледжі», «Медико-техникалық колледжі», М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ-колледжі және «Ақмола колледжі» колледждерінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының колледж студенттері арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты бейнероликтер байқауы өткізілді.

Аталмыш байқаудың негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік-патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және талантты студенттерді анықтау. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту барысында студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, мемелекеттік маңызы бар мерекелерге бей жай қарамауға шақыру болды.

Алдын ала жарияланған ережеге сай байқауға тек ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған сәнді де мәнді бейнероликтер қатысып өз колледждерінің намысын қорғады.

Байқау нәтижесі бойынша өз Отанына деген сүйіспеншілікті, өз өлкесіне деген қамқоршылықты көрсете білген, шығармашылық даралығы мен креативті ойлауы дамыған жас таланттардың туындылары жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.

Қаламыздың барлық колледжін қамтыған байқаудың ақтық сынына 11 колледжден 14 бейне ролик ұсынылды. Жас таланттарға Жас Отан" Жастар қанатының қалалық филиалының төрағасы - Жанділдаев Б. Б., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" мекемесі басшысының орынбасары- Әбдіғали Нұркен Әбдіғалиұлы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің "Халықаралық сауда және құқық" кафедрасының аға оқытушысы - Досмырза Достан сынды жоғары білікті қазылар төрелік етті.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І-орынды "Еуразия гуманитарлық институтының колледжі" иеленсе, ІІ-орынды "Жоғары көлік және коммуникация колледжі" қанжығасына байлады, ал байқаудың ІІІ-орынын "АСУ" гуманитарлық-техникалық колледжімен "Жоғары Медициналық колледж" теңдей бөлісті. Белсене қатысқан барлық колледждерге алғыс хаттар берілді. Осы орайда байқауды жоғары дәрежеде сапалы ұйымдастырғаны үшін байқаудың негізгі ұйымдастырушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына зор алғысымызды білдіреміз!


Мырзагалиева Г. Г.