Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 18 июня 2020 г.



ЕЛБАСЫНЫҢ АМАНДЫҒЫ-ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Атам қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Сол айтқандай ешкім де ойлаған жоқ, осы кесел жер жаһанды жайлап, Евразия континенттің қақ ортасында орналасқан елімізде пандемияға ұласады деп. Бұл індет еліміздің бірлігі мен тірлігі үшін үлкен сын болып тұр. Қашанда сын сағатта ел қамын ойлаған, ел үмітін ақтаған Ел басымыз, Ұлт лидері, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев COVID-19 жағдайына қарамастан елдегі барлық жағдайды жіте бақылап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге ел үшін игілігі мол бірнеше маңызды жиындар өткізді, шешімдер қабылдады. Оған баршамыз куәміз.

Қарапайым қазақ елінің азаматы ретінде айтар болсақ, Елбасының еңбегі тәуелсіз еліміздің алдында өлшеусіз десем қателеспейміз. Отыз жылдың ішінде елімізді әлемдік қауымдастықтың толық мүшесі ретінде әлемге танытты.

Шекарамызды шегелеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етті. Арқаның төсінде әсем астана тұрғызды. Баршамыз білеміз, 2010 жылы ОБСЕ-нің саммитін астанада өткізіп, өзі басқарды. Сол кезде барша қазақ елі Елбасы үшін көкірегін керіп мақтанды. Қай заманда қазақтың баласы алпауыт ескі құрылықтағы Европаның басшыларын ұршықтай иіріп, өз аузына қаратып еді. Білген, түсінген жанға - бұл үлкен мақтаныш!
Одан қалды, бірнеше ұлт пен ұлыстың басын қосып, бірлігіне тірлігі сай, айрандай ұйыған мемлекет құрды. Посткеңестік елдерде бірінен соң бірі ұлт араздық туындаған шақта, еліміз Ұлт лидерінің салиқалы саясатының арқасында ың-жыңсыз Елбасының айналасына топтасып, әлемге жасампаз бейбіт ел екендігін тағы да бір мойындатты.
Әлемдегі барлық діни конфессиялардың басын қосып, елімізде бірнеше рет басқосулар өткізді. Сирия мәселесінде алпауыт елдер шеше алмаған оппазициялық топтың басын қосып, Астана декларациясын қабылдады.
Ішкі сасяатта «Әуелі эконмика, сосын саясат» - деген қағиданы берік ұстанды. Елдің еңсесін, әл-ауқатын түзеп барып, саяси өзгерістерге өзі бастап әкелді.
Қазақ тарихында биліктен де өз еркімен бейбіт жолмен бас тартқан - Тұңғыш тұлға. Осы айтылған жайттардың барлығы да Елбасы, Ұлт лидері, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Елін сүйген, елі сүйген ер екенін», елінің Елтұтқасы екендігін тағы да дәлелдейді.

Елбасы, Ұлт лидері, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тілей отырып, қалың елі, қазағымның атынан Алладан тезірек сауығып кетуін тілейміз!



Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты.