Добавил(а) Администратор 19 сентября 2020 г.
2020 жылғы 17 және 18 қыркүйек күндері «Отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС учаскелік дәрігері А.Т.Бекзат және колледждің мейірбикесі А.О.Елиманованың ұйымдастыруымен колледжге 2020-2021 оқу жылында қабылданған студенттермен «Тұмау және оның алдын-алу» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында тұмаудың алдын-алу және вакцинация туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ауа-райының өзгеруіне байланысты қазіргі кезде әртүрлі вирустық аурулар белең алып жатыр. Сол себепті дәрігер вирустан өзімізді және отбасымызды қалай қорғау керектігін айта отырып, тұмаудың алдын-алу туралы көптеген мәліметтер берді.
Дәріс соңында студенттер дәрігерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
Колледж медбикесі А.Елиманова