Добавил(а) Администратор 19 сентября 2020 г.
Өз құқығыңды білгенің, дұрыс өмір сүргенің
2020 жылдың 17-18 қыркүйек күндері «Өз құқығыңды білгенің, дұрыс өмір сүргенің» тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі бірлескен жоспар бойынша студенттерге Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Б.Н. Ахметов «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.
Кездесу барысында студент жастарға қазіргі уақытта студенттердің арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді.
Студент жастар құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.
Әлеуметтік педагог Г.Ж. Нұрқабыл