Body: 

ЖОҒАРЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІНЕ 75 ЖЫЛ!

2020 жылғы 25 қыркүйек күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой халықаралық деңгейде әріптестеріміз бен қонақтардың on-line форматта қосылуымен салтанатты түрде ашылды. Колледж басшысы Зулфухар Сұлтанұлы мен колледж ұжымының атына жіберілген алғыс және құттықтау хаттар көпшіліктің назарына ұсынылды. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің құттықтауын әкімнің орынбасары Макен Бактияр Макенұлы жолдап, колледждің үздік қызметкерлерін төс белгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Аймағанбетов Асхат Қанатұлының құттықтауын ҚР БжҒМ педагогикалық кадрлар қызметін түзету және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Биекова Бахытжан Умитбекқызы жеткізіп, колледждің озық қызметкерлерін төс белгілермен марапаттап, Алғыс хаттарды ұсынды. Сонымен бірге колледж басшысы Зулфухар Сұлтанұлы мен ұжымды мекеменің айтулы мерейтойымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы құттықтады. Келесі сөз кезегін колледж түлектері, бүгінде колледжіміздің әлеуметтік серіктестері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Бас директоры Саурбаев Қайрат Әбенұлы, «Қазақавтожол» ЖШС-нің Бас директоры Қайыпов Дәурен Айтасұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Есилов Сансызбай Сейтжанұлы және Нұр-Сұлтан қаласы колледж директорларының атынан Кужимов Мырзабек Турабекұлы алып, лебіздерін білдірді. Біздің колледждің әр жылғы түлектері, бүгінгі күні шетелдік меймандар, Ресей Федерациясының теміржол саласының білім ордаларының басшылары: Император І Александр атындағы Петербург жол қатынастары мемлекеттік университетінің ректоры Панычев Александр Юрьевич, Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумының директоры, ғылым докторы, профессор Евгений Иосифович Шехтман, Новосибирск теміржол көлігі колледжінің директоры Погребняк Александр Иванович, Петрозаводск теміржол көлігі колледжінің директоры Меладзе Эдуард Михайлович, Владикавказ теміржол көлігі техникумының директоры Чеджемов Мурзабек Казбекович ұжымға құттықтауларын жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызының құттықтау тілегін Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Иманғазиева Римма Асымқызы жолдады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлы профессорлық-оқытушылар құрамының атынан құттықтаулар жолдады.
Келесі сөзді колледж директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов алып, түлектерді, қонақтарды, серіктестерді және колледж ұжымын мерейтоймен құттықтады. Колледж ұжымына үлкен жеңістер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі. Жиынның салтанатты бөлімі Зулфухар Сұлтанұлының қонақтарға мерейтойлық медальдарды табыстауымен аяқталды.
Мерейтойлық шара шымылдығы концерттік бағдарламамен жабылды.

С. Хайруллина