Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 3 октября 2020 г.



«Мұғалімдер күніне» орай колледж педагогтары үшін 2020 жылдың 2 қазанында салтанатты іс-шара өтті.

Колледжіміздің үздік шыққан 65 педагогы марапатқа ие болды. 20 педагог Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, Сарыарқа ауданы әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ колледждің 75 жылдығына орай мерейтойлық медальдарымен және колледж директорының алғыс хатымен 45 оқытушы мен қызметкерлер марапатталды.
"Үздік педагог – 2020" конкурсының жеңімпазы арнайы пәндер оқытушысы С.А. Муравьеваны және WorldSkills қалалық турнирінің жеңімпаздары өндірістік оқыту шебері Р.П.Айткулов және 2 курс студенті Р.Садыковты жеңістерімен құттықтады.
"Қымбатты ұстаздар, сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт және алға мақсат қоя білетін студенттер, шығармашылық табыстар мен жарқын жетістіктер тілеймін", — деді колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы.