Body: 

Туберкулез дегеніміз не?

2020 жылдың 14 қазанында Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 емхана" МКК фтизиатр дәрігері Р. С. Жиенқұлов Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттерімен "Туберкулез дегеніміз не?» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты студенттерді туберкулез ауруы жөнінде хабардар ету. Р.С. Жиенқұлов студенттерге туберкулез ауруының белгілерін, емін, алдын-алу шаралары мен қоса БЦЖ вакцинациясының маңызын айтты.
Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Колледж медбикесі А. Елиманова