Body: 

«NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020»

13-16 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.
Елордамыздың колледждерінен сайдың тасындай іріктелген 16 команда, қазіргі таңда елімізде болып жатқан түйткілді мәселелермен, айтулы жаңалықтарды пікір сайыстарына тақырып етіп, білімі мен біліктерін ортаға салды. Британдық Парламенттік форматта өткізілген ойын, 3 іріктеу – 1 финал раундынан тұрып сөз шеберлерінің қарым қаблетін толық ашуға мүмкіндік берді. Озық ойлы жастардың тартысында таңдаулы 16 фракциядан финалға ең үздік төртеуі өтіп бәсекені қыздыра түсті. Финалға М.Тынышбаев атындағы Ақмола колледжінің «Бірлік» фракциясы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Гуманитарлық колледжінің «Смеееелағо» фракциясы, KILC колледжінің «Төзім» фракциясы және Жоғары көлік жəне коммуникация колледжінің «Темір жол тарландары» фракциясы қатысып, төрешілірдің шешімімен тұшымды ой айтып, жоғары деңгейде ойын көрсеткен колледжіміздің «Темір жол тарландары» фракциясы «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікір-сайыс турнирінің чемпиондары болып танылды. Бұл колледжімізде жүйелі түрде жұмыс істеп жатқан «Тальго» дебат клубының сөз сайысынан алған кезекті жеңісі.
Қайраты ыстық, ақылы нұрлы, жүрегі жылы сөз майталмандарының ордасына айналған Жоғары көлік жəне коммуникация колледжінің жеңісі құтты болсын!


«Тальго» клубының жетекшісі Ұ.Бақыт