Body: 

Қазақстандықтардың ҰОС ерлігі мен қосқан үлесі

Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойына байланысты Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер кеңесі жасөспірімдермен жоспарлаған патриоттық тәрбиедегі іс-шараны ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың 19 қазанында Сансызбай Сейітжанович Есіловтың басқаруымен колледж оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысында ерлігі мен қосқан үлесі» тақырыбында кездесу өткізілді. Карантинге байланысты батырларымыздың ерлігін насихаттайтын конференция биыл ZOOM платформасында онлайн өтті. Онлайн жиында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батыр бабаларымыз туралы естеліктер айтылып, ұлағатты істері насихатталды. Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі ұшан теңіз.
Деректерге қарағанда, 1941-1945 жылдардағы соғысқа Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам аттанған. Олардың жартысынан көбі майдан даласында қаза тапты. Ендігі міндет, Отан үшін жанын аямаған батырларымыздың өнегелі істерін жас ұрпақтың бойына сіңіру деді ардагерлер.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды.

Директордың ТІЖ орынбасары Г.Г.Мырзагалиева