Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 30.10.2020 г.



Бүгін, яғни 2020 жылдың 29 қазан күні, колледжіміздің Жастар ісі комитетінің инспекторы және "Тальго" дебат клубының жетекшісі Бақыт Ұланбек Бақытұлы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры және Білім және Ғылым Министірінің кеңесшісі Р.Шер ханымның қабылдауында болып бүкіл Республика аумағында дебат ойындарын дамыту мәселесі бойынша арнайы жиналысқа қатысты. Елордамыздағы үздік клубтардың біріне жетекшілік етіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген дебатшы Ұланбек Бақытұлы өз тәжірибесінде көрген кемшіліктерімен, артықшылықтарын айта келіп еліміздегі дебат саласын дамытуға байланысты бірнеше тың идеялар ұсынды. Ұшқыр ойлы, шешен сөзді тапқырлардың алаңына айналған дебат ойындары біздің колледжімізде жоғары дамып, өз деңгейінде бағалануда. Ал ел көлемінде дебат ойындарының дамуына үлес қосу біз үшін үлкен мақтаныш!
@rumcdo_official
@bilimastana
@saryarka.akimat

Директордың ТЖЖ орынбасары Г.Мырзагалиева