Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 09.11.2020 г.


Нұр- Сұлтан қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде хакім Абайдың 175 жылдығы ауқымды түрде насихатталып, әрі аталып өтуде. Бұл іске колледжіміздің тәрбие бөлімі мен қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушылары студенттер арасында қашықтықтан түрлі іс- шаралар өткізіп, мол үлес қосуда.
6-қараша күні колледжімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқу сайысы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Қатысушыларымыз Абайдың шығармаларын нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Сайысқа 1 курс студенттері қатысты, атап айтар болсақ:
1.Ертайқызы Зінәт, 1ОДД-220 (жетекшісі Алимова С.А.) «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап».
2.Садықова Жұлдыз 1ОДД-220 (жетекшісі Алимова С.А.) «Қалың елім қазағым қайран жұртым».
3.Ибадуллин Абдусамад 1Д-220 (жетекшісі Дюсекова А.Е.) «Қансонарда бүркітші шығады аңға».
4.Серікбай Назым 1ПОВТ-220 (жетекшісі Дюсекова А.Е.) «Адамның кейбір кездері».
5.Авлияров Мирас 1ЭМ-220 (жетекшісі Базилбаева Г.Т.) «Әнді сүйсең менше сүй».
6.Федорова Мира 1ЭМ-220 (жетекшісі Базилбаева Г.Т.) «Есіңде бар ма жас күнің».
7.Қайратқызы Томирис 1Д-220 (жетекшісі Нығыметова Л.Қ.) «19-қарасөзі».
8.Серікболатқызы Айман (жетекшісі Нығыметова Л.Қ.) «1-қарасөзі».
9.Ермекова Дильнара 1ОПУД-220 (жетекшісі Ахметова Г.К.) «7- қарасөзі».
10.Ермекбаев Меиржан 1ПМ-220 (жетекшісі Ахметова Г.К.) «17- қарасөзі».
11.Сунақбаев Әсет 1Д-220 (жетекшісі Рахымова М.Т.) «Сап сап көңілім, сап көңілім».
12.Асқар Айдана 1Д-220 (жетекшісі Нұрқабыл Г.Ж.) «Құлақтан кіріп бойды алар».
13.Балтабек Аршагүл 1ОПУД-220 (жетекшісі Алимова С.А.) «Ғылым таппай мақтанба».
Әділқазылар алқасын колледждің көркемдік жетекшісі Нұрболат Сейтқалиұлы, қазақ тілі пәнінің оқытушылары Светлана Асантайқызы мен Мейрамгүл Тастанқызы құрады.
Әділқазыларымыз төрелік етіп, жүлделерді студенттеріміздің қанжығаларына байлатты. 1-орынды 1ОПУД-220 тобының студенті Балтабек Аршагүл, 2-орынды 1ПОВТ-220 тобының студенті Серікбай Назым, 3-орынды 1ЭМ-220 тобының студенті Федорова Мира және 1Д-220 тобының студенті Серікболатқызы Айман иеленді. Жүлделі орындарға ие болған сайыс қатысушылары мен белсенділік танытқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Шара барысында сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Ғалиасқарқызы хакім Абайдың жаухар шығармаларын оқыған студенттерге алғысын білдірді. Сонымен бірге, мұндай шаралардан әрбір студенттің пайдалы білім алып шығатынын, халқымыздың бас ақыны Абайды тануда осындай шаралардың жиі өтуі маңызды екенін айтып өтті.


Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Г. Ахметова