Добавил(а) Администратор 10.11.2020 г.
2020 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, «Құқық» қоғамдық қорының заңгер маманы А.Н.Баймұқан және психологы Ж.Х. Хусаинова колледж студенттерімен «ZOOM» қосымшасы арқылы «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген тақырыпта семинар өткізді. Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмаған студенттер арасында адамгершілік –жыныстық тәрбиенің алдын-алу, «ҚР ҚК, ҚР ҚОК, ҚР ӘҚБК аясындағы кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы» толық ақпарат беру болды. Семинарға 1-2 курс студенттері, топ жетекшілер, педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысты. Семинарда адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы ең маңызды мәселелер қарастырылды.
Семинар соңында студенттер заңгер маманға өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, диалог алаңын құрды.
Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл