Body: 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер циклін көрсетілуі және онлайн талқылануын ұйымдастыру


Еліміздің Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде колледжде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасын көрсетілуі және онлайн талқылануы өткізілуде.
Фильмдердің негізіне 2019 жылғы маусымда өткен "Көшбасшылыққа 30 жыл" халықаралық конференциясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан жеті талабы кірді.
Жеті фильмнің әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа – экономика, интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует, отандастарымыздың Отанына оралуы тақырыбына арналған.
Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елді дамыту бойынша күрделі саяси шешімдер қабылдағанын көрген адамдардың естеліктері мен пікірлеріне негізделген. Сондай-ақ тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің сұхбаттары.
Цикл мазмұны:
1) І Бөлім. "Бір ел, бір тағдыр" https://youtu.be/Lcdk7CnW6TU
2) ІІ бөлім. "Сын сағат" https://dropmefiles.com/HdV7u
3) III бөлім. "Парасатты шешім" https://dropmefiles.com/HdV7u
4) IV бөлім. "Ұйымдасқан ұтады" https://dropmefiles.com/HdV7u
5) V бөлім "Жанғыру жолы" https://youtu.be/Lcdk7CnW6TU
6) VI бөлім. "Болашаққа бастар жол" https://dropmefiles.com/HdV7u
7) VII бөлім. "Елдіктің бастауы" https://dropmefiles.com/HdV7u
Барлық фильмдерде Елбасының жүргізіліп жатқан реформалардағы негізгі рөлін ашуға, бұрын белгісіз болған фактілерді және олардың практикалық іске асырылуының қызықты мәліметтерді жариялауға ерекше назар аударылған.
Мұғалімдер студенттерге тарихи оқиғалардың, құбылыстардың, процестердің маңыздылығын түсінуде қолдау көрсетті. Колледж деңгейінде патриоттық өлеңдер челленджі мен Тұңғыш Президент кітапханасы, Тұңғыш Президент мұражайы бойынша экскурсияларды сайттағы виртуалды шолуларды //presidentlibrary.kz. қарау да өткізілуде.