Body: 

Елбасының ерен еңбегін насихаттау – болашақ ұрпақ үшін өте маңызды!


25 қараша күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттерімен Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының депутаты, ЧАЭС қатысушы, ардагері, саяси ғылымдарының докторы, профессор З.С. Гаипов «Тәуелсіздіктің жеті қыры» тақырыбында кездесу өткізді. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерлету мақсатында Елбасының айтқан жеті талабын деректі фильмге сүйене отырып жастарға түсіндірген Зулфухар Сұлтанұлы, әр тақырыпқа жеке жеке тоқталып түсінікті тілмен баяндады.
Елбасының ерен еңбегін насихаттау – болашақ ұрпақ үшін өте маңызды! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің жандануына үлкен үлес қосқаны сөзсіз. Осыған байланысты Елбасының тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлін насихаттау – келер ұрпақ үшін қажет дүние.
Онлайн форматта өткен іс шараның барысында студенттер өздеріне қызықты болған сұрақтарын қойып, халық қалаулысымен еркін диалог жүргізді. Зүлфухар Сұлтанұлы колледждің Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге байланысты өткізетін іс-шараларымен таныстырды, шараға қатысқан студенттер мен оқытушыларға алғысын білдірді.