«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» - VIIІ дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы! Елімізде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні - осымен тоғызыншы жыл қатарынан мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілуде. Қазақстан халқы үшін бұл елеулі оқиға. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы арманы болған егеменді Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл осы күні Н.Ә.Назарбаев - Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Осындай ауқымды мереке қарсаңында Жоғары көлік және коммуникация колледжі 2020 жылғы 27 қараша күні кәсіптік-техникалық білім саласы студенттерінің арасында VІІІ дәстүрлі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасын on-line форматта өткізді. Педагогика ғылымдарының магистрі С.А.Алимова
Мүшәйра еліміздің ертеңі мен келешек ұрпағы жастарға арналған «Елбасының саяси қызметі» туралы бейнеролик көрсетілуден басталды.
Мерекелік іс-шара ZOOM платформасында тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызының құттықтау сөзімен ашылды.
- Қадірменді жырсүйер қауым! Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кезінде Күлтегін бабамыз «Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды» -деген екен. Ия, тарих тұрғысынан қарағанда, бұл мерзім қас - қағым сәт, бірақ соған қарамастан, бұл мереке нағыз халықтық сипатқа ие болып үлгерді. Бүгінгі VІІІ дәстүрлі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырудағы мақсатымыз - кемел ойлы, кемеңгер тұлға ҚР Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы, егемендігімізді еңселі, Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудегі ерен еңбегі, оған деген құрмет пен тағзымы, риясыз сүйіспеншілігін өлең –жырларға арқау ете отырып дәріптеу. Сонымен қатар жас ақындардың өз қаламынан туған жүрек жарды жырларын көпшілікке ұсыну болды. Олай болса, ақынын аялаған, өнерлі ұл – қызын ерекше бағалаған қазақ халықтың рухы – өнерімен бірге жасай берсін!-дей отырып, жас ақындарымызға сәттілік тіледі.
Келесі сөз кезегі Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлына берілді.
- Тұңғыш Президентіміздің «Балашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында «Өскелең ұрпақ- жастардың арасында елдік сана мен сезімді, туған жерге деген құрметпен бірге, қай заманда болсын ел басына түскен сын сағатта ел қамын ойлаған елтұтқалардың еңбегіне деген ризашылық сезімін қалыптастыруымыз тиіс»-деп атап көрсете отырып, бүгінгі жас ақындарымызға «Талаптарыңа нұр жаусын»- деп тілек білдірді.
Жыр додасына қазылар алқасының мүшелері ретінде белгілі ақындар арнайы шақыртылды. Атап айтар болсақ,
- Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, Жанат Әскербекқызы;
- Нұр-Сұлтан қаласы технико-экономикалық колледж директорының орынбасары Мұңсызбай Дүйсенұлы;
- ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Нурболат Сейтқалиұлы;
- Жоғары көлік және коммуникация колледжінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлжібек Картаевна.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының 10 колледжінен 26 жас ақындары қатысты.
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:
1 кезең: Қалалық оқу орындарынан келген жас ақындардың видеоға жазылған өлең-жырларын іріктеуден өткізу.
2 кезең: Жас ақындардың іріктеуден өткен өлең-жырлары ZOOM платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Мүшәйраның қазылар алқасы 2 кезеңге өткен жас ақындардың өлеңдерін ZOOM платформасында тікелей эфирде көре отырып, баға берді.
Қазылар алқасы ақындардың өлеңдерін іріктеу барысында өлеңнің тақырыбына мән беріп, мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды. Жас ақындар арасынан үздіктерді таңдау оңайға түскен жоқ.
Қазылар алқасының төрайымы Жанат Әскербек: - «Бүгін қаншама дарынды жас ақындарды көрдім»-дей отырып, жыр жүректің жауҺары екенін ұғынып, сөз қадірін ұлықтаған, жыр жолдарының маңыздылығын, ақындардың өлең- жыр өрнектеудегі өзіндік ізденістерін атап өтіп, студенттер арасынан үздік өнер көрсеткендерге арнайы орындарды белгіледі.
Байқау нәтижесі бойынша келесі жеңімпаз студенттерге мақтау қағаздары берілді:
Бас жүлде – Мұхамат Оразай (Жоғары көлік және коммуникация колледжі).
І-орын – Мұрагер Балнұр (Еуразия гуманитарлық институтының колледжі).
І-орын – Көпжасар Мәди (Технологиялық колледжі).
ІІ-орын – Балтабек Аршагүл (Жоғары көлік және коммуникация колледжі).
ІІІ-орын – Мухадинова Асем (Ақмола колледжі).
ІІІ-орын – Қазақбай Саният (Даналық колледжі).
Жүлделі орындарды жеңіп алған жеңімпаздарға алғыс білдіре отырып, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, жалпы қатысушыларға сертификаттар берілді.
Кеш соңында Зулфухар Сұлтанұлы Нұр-Сұлтан қаласының ТжКБ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде осы іс-шараға арнайы шақыртылған қонақтардың ішінде Григорий Григорьевичті «Энергетика және байланыс» саласының мамандарын даярлаудағы көп жылдық еңбегі және бүгінгі 80-жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, дәстүр бойынша шапан жауып, Жоғары колледждің 75-жылдық мерейтойлық медалі мен құттықтау хатымен марапаттады.
Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының ТжКБ ардагері Виктор Старунов, Жоғары сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Кужимов, Технико-экономикалық колледж директорының орынбасары Мұңсызбай Дүйсенұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жанат Әскербекқызын - Жоғары колледждің 75-жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Қонақтар мен жас ақындарға «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты өлеңдер жинағы естелік сыйлық ретінде табысталды.
Негізгі
Колледж туралы
- Колледж миссиясы
- Колледждың стратегиялық жоспары 2017-22 ж
- Колледж әкімшілігі
- Бос жұмыс орындары
- Мамандықтар
- 07130200 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»
- «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы»
- «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
- «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)
- «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
- «Логистика» (салалар бойынша)»
- «Менеджмент» (қолдану салалары бойынша)
- «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
- «Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша)»
- «Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану»
- «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
- «Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану»
- «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
- «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»
- Мамандықтар
- "Адал Ұрпақ" клубы
- Бухгалтерия
- Коронавирус!
- Қамқоршылар кеңесі
Оқу үдерісі
Мемлекеттік қызметтер
Байланыс