Body: 

ЮПБ инспекторының колледж оқытушыларымен кездесуі


   2020 жылдың 10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Б.Н. Ахметов колледж оқытушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесуде ҚР ӘҚБК 409 бабы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмаудың алдын-алу мәселесі қозғалды. Инспектор ерекше аталмыш заңның 2, 3, 6, 7, 8 тармақтарына тоқталып, толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл