Body: 

«Таза сессия» сауалнамасы


   Қысқы емтихан сессиясына дейін қараша-желтоқсан айларында колледждің басшылығы мен психологиялық қызметі 2-4 курс студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасырын «Таза сессия» сауалнамасын ұйымдастырды. Сауалнама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шаралардың тиімділігін арттыруға, оқу орнында сыбайлас жемқорлық актілерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталды.
Негізгі міндет - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оқу орнында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу бойынша ықтимал тетіктерді қарау.
Акция қорытындысы колледждегі сыбайлас жемқорлық ахуалының қазіргі жағдайын көрсетті. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көріністері байқалмады. Сауалнамаларда респонденттер колледждегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоққа шығарды.
Студенттердің пікірі: «Таза сессиясынды акциялардың арқасында сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз фактіні жоюға зор ықпал етеді. Бұл студенттер үшін де, білім үшін де маңызды!».



Педагог-психолог Г.Универқызы