Body: 

«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»


   2020 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға ҚР Мемлекеттік туы салтанатты түрде енгізіліп, мемлекеттік әнұран орындалды. Алғашқы болып сөз алған колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы - іс-шараға арнайы шақырылған қонақтарға, ата-аналарға, оқытушылар мен студенттерге Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның қол жеткізген орасан зор табыстарын айтып Елбасымыздың егемен елімізді өзге елдермен терезесі тең бірлігі бекем, келешегі кемел ел еткеніне ерекше тоқталды.
- «Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың егемен елімізге жүргізген сындарлы саясатының арқасында біздің Тәуелсіздігіміз баға жетпес байлығымызға айналды, сондықтан оны қадірлей, қастерлей білейік» - деп, жиналған қауымға өзінің ізгі лебізін білдірді.
Осы мерекеге орай, колледж басшысы қызметкерлер мен ата-аналар қауымын арнайы алғыс хаттарын, сондай-ақ әлеуметтік серіктестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтап, колледждің 75-жылдығына арнайы жасалған медальдарды табыс етті.
Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерекелік медалімен еңбегі ерен, жетістігі мол ұстаздар қауымы марапатталды.
Атап айтар болсақ, WorldSkills-NUR-SULTAN қалалық чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Айткулов Раметулла Пернебайұлы мен Муравьева Светлана Анатолевнаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.Мәкеннің алғыс хатымен марапатталды. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалімен колледжіміздің көркемдік жетекшісі, Қызылорда облысының мәдениет саласына зор үлесін сіңірген Сейтмуратов Нұрболат Сейтқалиұлы марапатталды.
Мерекелік іс-шарада Қорқыт бабаны насихаттаушы, қыл қобызшы Бақыт Кәрібаева Қорқыттың күйі «Қоңырды» орындап көрермендердің қошаметіне бөленді. Кеш соңы колледж өнерпаздарының әсем әні мен көрікті биіне ұласты.




Мырзагалиева Г.Г.