Body: 

Өзгермелі әлемде өзін-өзі тану және өзін-өзі ынталандыру

   2020 жылдың 22 желтоқсанда «Право» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы «Даналық» колледжінің психологы А.С. Сейдахметова 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: студенттерге өзін-өзі тануды, өзін-өзі бақылауды, өз өмірінің фактілерін талдауды үйрету. Психолог семинар-тренинг барысында студенттердің үнемі өзін-өзі саналы түрде дербес қоғамдық, кәсіби және жеке өмірге дайындап жатқандығынын, өз бойындағы жақсы қасиеттердің келешекте қажет екендігін, немесе керісінше, өз іс-әрекетінің қай тұстары бекер өтіп жатқандығын байқай алуы керектігін айтты.


   2Тренинг соңында психолог өзін-өзі тәрбиелеудің барлық тәсілдері мен әдістерінің негізінде өз еркімен өткізілетін, тұлғаның өзіне бағытталған сауалнамалар жүргізіп, қызықты видеороликтер көрсетті.

Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл