Body: 

Волонтерский клуб «МЕЙІРІМ»

   Бүгін, 23 желтоқсан күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің "МЕЙІРІМ" волонтерлық клубы жалғызбасты Роза апайдың ауласын қардан тазартып, көмек көрсетті. Жыл сайын колледж еріктілері жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға әрдайым қол ұшын созып келеді. Әсіресе қыс мезгілінде жер үйлердің қарын күреп, көмірін кіргізуге, қыстық отынын әзірлеуге әрдайым көмектесіп жүрген жастарға үлкендер ақ батасын беріп, алғыстарын айтуда.
@bilimastana
#Bizbirgemiz
#Jogarykolikjanekomunikasiakoleji

Жастар ісі комитетінің инспекторы Бақыт Ұ.