Body: 





Отступ первой строки




Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер) және 1 курс студенттері!

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі 1 курс студенттерін оқытудың аралас форматына көшуіне байланысты Студенттер үйінен орын бөлуге өтініштер қабылданып жатқанын хабарлайды. Колледж әкімшілігі Студенттер үйінде әлеуметтік қашықтықты сақтау және бөлмені 30% дейін толтыруды ескертеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.