Body: 





Отступ первой строки




Жаңа қоныс иелерін құттықтаймыз!

Нұр-Сұлтан қаласында 300-ден астам отбасы пәтер кілттерін алды. Олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, толық емес отбасылар, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер және жетім балалар санатындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің екі бірдей студенті бар.
Мереке қарсаңында жаңа қоныс иелері атанған қос студентіміздің қуанышында шек жоқ. Жаңа жылды жылдар бойы күткен пәтерлерінде қарсы алған Альхов Ян мен Шарафеев Керим өздеріне зор көмегін аямаған мемлекетіміз бен қала әкімдігіне, және өздері білім алып жатқан Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұжымына зор алғыстарын айтты.
Жастардың жаңа үйлерінің орналасқан жеріде өте ыңғайлы, өзен жағасында. Жақын жерде кең аулалар, мектеп және балабақшалар бар.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып бірнеше жыл балалар үйін, төрт жыл колледждің студенттер үйін мекен еткен жастардың өз үйлерін алып, қоныс тойын тойлағанын колледждің ұстаздары да асыға күткен еді. Үйлі болған шәкірттеріне қамқор ұстаздар "ерулік" ретінде үй жиһаздары мен ыдыс аяқтар әкеліп, берекелі ұйым екендерін көрсетті. Ұлағатты ұстаздар осы харакетімен шәкіртінің қуанышы қашанда ұстаздың қуанышы екенін дәлелдеді.



Жастар комитетінің инспекторы Ұ. Бақыт