Body: 





Отступ первой строки


Патриоттық, Адамгершілік, Қайырымдылық!

2021 жылдың 9 ақпаны күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің "Тальго" дебат клубы колледжімізде өтіп жатқан «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы дебат ойынын өткізді. Қызықты тақырыптар қамтылған пікірсайысқа 2-3 курстың тәжірибелі спикерлерімен қатар бірінші курс студенттері де атсалысып, өздерінің қарым қаблетін байқап көрді. Тың аргументтер келтіріліп, қызықты фактілер айтылған сөз шеберлерінің сайысы тұщымды ой мен, мағыналы сөздерге толы болды. Сайыс соңында сөз сөйлеген жастар ісі комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы бірінші курстың студенттерін "Тальго" дебаттық клубына мүше болуға шақырып, клубтың зор жетістіктерімен бөлісті.





Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Г.Нұрқабыл