«Қаптама қалдықтарын бөлек жинау және қайта өңдеу»
тақырыбындағы семинар.
2021 жылғы 11 ақпанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінде оқытушылар мен студенттер арасында "ЭКОАсар" республикалық акциясы аясында "ҚТҚ бөлек жинау және қайта өңдеу"тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты –жастар мен педагогтар, ата-аналардың қатысуымен экологиялық мәдениетті дамыту, ҚТҚ-ны бөлек жинау, әлеуметтік-экологиялық мәселелерді шешу.
Бұл іс -шара Қазақстан экоамбассадоры, экоэнтузиаст, @HelloPlanet_kz онлайн-платформасының негізін қалаушы Анар Бердіқұлованың бастамасымен - қалдықтар, оларды сұрыптау және қайта өңдеу туралы, экологиялық өмір қағидалары, таңбалау туралы және экомесочкаларды тігумен неге айналыса бастағаны, мүмкіндіктері шектеулі адамдар жобаның бір бөлігіне қалай айналғаны және қазіргі уақытта қандай бастамалармен жұмыс істеп жатқаны туралы айтып берді.
Анар қалдықтардың пайда болуын азайтуға бағытталған бірнеше жобаларды (Waste Management Hierarchy, UNEP) және жауапты өндіріс пен тұтыну (ТДМ 12) бастамасын ұсынды.
Бірінші жоба: таза және жаңа мата қалдықтарынан қайта пайдалануға болатын эко дорбаларды өндіру және сату. Осылайша, пластикпен ластану мәселесі шешіледі, ал мата полигонға тікелей жіберілмейді. Тігін "Қамқор жүрек"мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің серіктестері негізінде жүргізіледі.
Екінші жоба: Нұрсұлтан қаласындағы кафеге арналған эко бағдарламаны әзірлеу және енгізу. Басты мақсат: бір реттік заттарды пайдалануды қысқарту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жауапты тұтыну бойынша ақпаратты тарату.
Анар бір реттік баламадан қайта пайдалануға болатын және тұрақты баламаларға тез және батыл көшу керек деп санайды. Демек, егер тұтыну түсінігін өзгерту және бір реттік өнімдердің ағынын едәуір азайту мүмкін болса, онда бізде қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті сақтау мүмкіндігі жоғары болады.