Body: 





Отступ первой строки


Мамандығым мақтанышым!

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 26 жұлдызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қашықтықтан дәстүрлі студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған «Мамандығым мақтанышым» атты сайыстың қорытындысы жарияланды.
Жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, талантты жастарды анықтау, отансүйгіштігін және азаматтық белсенділігін арттыру, мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, кәсіби бағдар беру. Мамандықтың имиджін қалыптастыру.
Байқауға білімді әрі талантты, өз мамандығының хас шеберлері қатысты. Байқаудың шарты бойынша сайыскерлер бейне таспаға арнайы жазылған таныстыру, өз мамандықтары туралы және өз өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті.
Жүйрікті жүйрік озар жарысқанда дегендей, әр мамандықтың мықтыларын марапаттау сәті де келіп жеті. Сайыс қортындысы бойынша қазылар алқасы І-орынға ерекше өнер көрсеткен 3ЭТС-218 тобының студенті Букесова Зарина лайық деп тапты. Ал колледждің 2 курсында оқитын 2ЭН-219 тобының студенті Қобыланов Еркебұлан ІІ орынды иеленсе, сайыстың екі ІІІ-орыны 3ЭМ-418 тобының студенті Құрманаева Әсел мен 2РЭС-219 тобының студенті Ералханұлы Арнұрға тиесілі болды.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жүлделі орын алған студенттердің жетекшілері де алғыспен марапатталды. Қазылар алқасы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы сайыстарда жеңіс төрінен көрінуіне тілектесігін білдірді.







Көркемдік жетекші Н.Сейтмуратов