Body: 





Отступ первой строки


Алғыс айту күні!

Биылғы жылы бесінші рет тойланғалы отырған 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Жоғары көлік және коммуникация колледжі қашықтықтан мерекелік құттықтау мен концертін тарту етті.
Шұғылалы көктемнің алғашқы айы адам баласына қуаныш пен көңіл-күй сыйлайтын мерекемен басталады. Алғыс айту – күні халықтың бірлігін, өзара сенімділігі мен құрметінің орнығуына негіз болған, Тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы мереке.
Бұл күн – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған, түрлі этностардың құт сыйлаған қасиетті мекені мен кең пейіл қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі іспетті.
Бүгінгі мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.
Барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды, студенттерді саяси ғылымдарының докторы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы бүгінгі «Алғыс айту» күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Колледж директорының құттықтауынан кейін колледжіміздің студенті Аяжан Алданыш «Алғыс» әнін тарту етті.
Колледжіміздің қазақ, орыс, беларусь, украин ұлтының студенттері былай деп: - Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаздар қауымына көрсеткен қамқорлықтары мен аялы алақандары үшін, жылы лебіздеріне басын иіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, бір-біріне деген құрметін қалыптастырып, туған ел мен жерге деген ыстық ықыласын, алғысын жеткізді.
Адамның адамгершілігі – бір-біріне жақсылық жасауында. Ал жақсылықтың шегі жоқ және ол адам таңдамайды. Жақсылық жасаған ақ жүректі адам оның өтеуіне ештеңе сұрамайды, дәметпейді де. Тек оған алғыс айту – құрметтің шыңы!
Қашықтықтан өткен мерекелік концерттің соңын Нұрболат Сейтмұратов П.Ермишевтің «Цвети, Земля Моя» әнімен жапты.
Ешкімнен ешқашанда жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой мен кіршіксіз сезімдеріңізді аямаңыздар. Табиғат – анаға мейірімді күн шуағы үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз көңілі үшін, Ел ағаларымызға халқына жасаған қамқорлығы үшін, Отан анаға бізге берген ынтымағы мен бірлігі үшін АЛҒЫС айтамыз!
Ақ тілектен төгілген асыл нұрдай Алғыс айту күні құтты болсын!


Көркемдік жетекші Н.Сейтмуратов