Body: 





Отступ первой строки


Діни экстремизмнің алдын-алу

10 наурыз 2021 жылы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС, «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бөлімінің меңгерушісі А. Байбусинов және Нұр-Сұлтан қаласы ІІД діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Е.В.Джура колледж студенттерімен «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді. Өз сөзінде Е.В.Джура қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп бара жатқанын, олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар екендігін айтты. Ол студенттерге діни ағымдар туралы мәлімет бере отырып, дәстүрлі ислам қағидаларын түсіндіріп, олардың жеке сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, Ануар Байбусинов Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған адастырушы діни ағымдар туралы студенттерге толық ақпарат бере отырып, олардан аулақ болу керектігін ескертті.
Кездесу соңында ақпараттық материалдар жазылған парақшалар таратылды.






Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл