Body: 





Отступ первой строки


Қазақтың ұлттық және халық ойындары жарысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. 18 наурыз күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Наурыз мейрамының қарсаңында «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай қазақтың ұлттық және халық ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды. Барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, колледждің спорттық залында садақ атудан, тоғызқұмалақтан, асық атудан, арқан тарту мен белбеу тартудан өткен жарыстар ұлттық нақышта ұйымдастырылып, қатысушыларға төл мерекеміз Наурыз мейрамының мерекелік көңіл күйін силады.
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жалғастырып, сабақтастықтың озық үлгісін танытқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Мейрам кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында халық жаппай ұлттық киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды ұйымдастырып, көпшілік орындарда ұлттық музыка ойнатылуын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтуы маңызды", – деп айтқанына сәйкес, ұлттық нақышта өткізілген іс шараның марапаттау сәтінде сөз сөйлеген колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тарихы терең, мәні мен мағынасы өте бай, барша шығыс халықтарына тән ұлы мейрам екенін айтып, студенттерге «жаңа күннің» келуі барша тіршілік атаулының оянып тың тіршіліктің бастауына айналатынын жеткізді.
Жарыс қортындысы бойынша тоғызқұмалақ ойынының жеңімпазы 1Д-120 тобының студенті Мейірбекқызы Іңкір болса, асық атудың хас шебері 1ОПУД-220 тобының студенті Досжан Рамазан болып табылды, ал құралайды көзге атқан мергендер сайысы садақ атудың бас жүлдесі 1ОПУД-220 тобының студенті Жұмабек Оралжанға бұйырды, командалық есеп бойынша 1ОПУД-220 тобы жеңіске жетті. Өзге де жүлдегерлер сайыс қортындысына сай марапатталды.



Дене шынықтыру нұсқаушысы Е. Байдильдин