Body: 





Отступ первой строки


Өмірге ИӘ деп айт!

Қалалық ақпараттық науқан аясында "Өмірге ИӘ деп айт!" 2021 жылдың 15-27 наурыз аралығында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде бекітілген іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді. Іс - шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аударту.
Науқан аясында тақырыптық ақпараттық стендтер жаңартылды, сттуденттерге психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақтар таратылды, сондай-ақ студенттер мен ата-аналарға арналған тақырыптық профилактикалық жадынамалар мен визиткалар шығарылды.
15 наурызда жасөспірімдер мен жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау мақсатында «Мен сені сүйемін Өмір!» атты ұйымдастырылып, өткізілді.
26 наурызда 1 курс студенттері арасында "Өмірге Иә деп айт!» дебаттық ойын өткізілді. Ойын үш сұрақтан тұратын үш кезеңге бөлінді:
1. Медиа мәдениет жасөспірімдердің ойлауына қалай әсер етеді?
2. Ұрпақтар арасындағы қандай құндылықтар айырмашылығы бар?
3. Теріс ойларға не әкеледі?
Ойын нәтижесінде дәйектер келтіре отырып, өз ойларын дәлелдеп, оппозиция өкілдері жеңіске жетті.
Апталық аясында «Өмірге ИӘ деп айт!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1 курстың барлық топтары қатысты. Байқау нәтижесінде
• 1-орын 1РЭС-120 тобы
• 2-орын 1Д-220 тобы
• 3-орын 1Д-120 тобы иеленді.




Педагог-психолог К.Мусина, Г. Универкызы.