Body: 




Отступ первой строки


Әділдік, Парасаттылық, Сенім!

7 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастыруымен «Әділдік, Парасаттылық, Сенім» тақырыбында қалалық деңгейде жастармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің қонағы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Астана - адалдық алаңы» жоба жетекшісінің м.а., «Жас Отан» ЖҚ қалалалық филиалының төрағасы Жанділдаев Бағдәулет Болатұлы болды.
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткен кездесуде 2018 жылдан бері қаламызда жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатқан «Астана - адалдық алаңы» жобасының атқарған жұмыстары туралы айтылып, болашақ жоспарлар туралы сөз қозғалды. Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан бір қатар шаралар туралы толық мағлұмат беріліп, жастарға жемқорлықтың қоғамға тигізер орасан зияны туралы айтылды. Өз кезегінде жас депутат, студенттерге «Әділдік, Парасаттылық, Сенім» сөдерін қарапайым тілде түсіндіріп, студенттер жиі ұшырасатын парақорлықтың түрлерін атап өтті.
Маслихат депутаты кездесудің модераторы Ұланбек Бақытұлының сұрақтарына ғана жауап беріп қоймай, кездесу барысында жастарды белсенді болуға үндеп, «Жас Отан» ЖҚ-мен бірлесіп жұмыс жасап жатқан белсенділердің қатарында болуға шақырды. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, волонтерлық жұмыстармен немесе өзін дамытумен айналысқандары ең дұрыс шешім екенін түсіндірді. Кездесудің көрермендері де белсенділік танытып, бірнеше түйткілді сұрақтар қойып, Бағдаулет Болатұлының толық жауабын алды.




Жастар комитетінің инспекторы Ұ.Бақыт