Body: 





Дұрыс тамақтану - денсаулық, күш, сұлулық кепілі

2021 жылдың 20 сәуірінде колледждің медицина қызметкері 1 курс студенттерімен ZOOM қосымшасының көмегімен «Дұрыс тамақтану - денсаулық, күш, сұлулық кепілі» атты онлайн кездесу өткізді. Іс-шара мақсаты - студенттерге дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Колледждің медициналық қызметкері студенттерге тамақ тұтынудың стандарттары, режимі және тағамды дұрыс таңдау туралы зор ақпарат берді. Абдыманап Абдыхалыкович майлы, ашы тағамдардың, газдалған, құрамында қант бар сусындардың, алкогольдің зияны туралы айтты. Құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендері бар тамақ түрлерін көп қолдану қажеттілігін айтты.
Іс-шара барысында студенттер көптеген пайдалы ақпарат алды. Студенттер колледждің медициналық қызметкеріне өз ойындағы сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.




Психолог Универкызы Г.